Басты бетЖаңалықтарМаңғыстау облысының...

Маңғыстау облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин жұмыс сапарымен Ақтауға барып, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Отырыс барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына бағытталған Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының кандидатурасын ұсыну туралы хатты оқыды. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.
Жоғары білімді: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.
ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер.
Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті.
1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы.
1994-1996 жж.  ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.
1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды.
1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды.
1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің  Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды.
2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ДереккөзInform.kz