Қазақстанда 9 миллионға жуық адам жұмыс істейді

Былтыр елімізде 9 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7%-ке көп. Оның ішінде қалалық жерде жұмыспен қамтылғандар үлесі 4,6%-ке, (5,5 миллион адам), ал ауылдық жерлерде бір жыл ішінде 2,4%-ке (3,5 миллиоон адам) дейін төмендеді.

Бұл туралы Finprom.kz ресурсы хабарлады.

Елімізде жұмыс істеушілердің 94,5%-і бір жерде ғана еңбек етеді. 4,2%-і негізгі жұмыста, жеке кәсіп және қосымша жұмыста, тағы 1,3%-і негізгі және қосымша түрде еңбек етеді. Кәсіптік білім деңгейі бойынша 4 миллион адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 4,4 миллион адамның техникалық және кәсіптік білімі, 582,6 мың адамның бастауыш, негізгі, жалпы орта білімі бар.

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,8 миллион адам жалдамалы қызметкер, 1,6 миллион адам жеке кәсіпкер, 498,1 мың адам тәуелсіз қызметкер, 19,8 мың адам жеке практикамен айналысатын адамдар, 5,8 мың адам шаруашылық серіктестіктер (қатысушылары) және акционерлік қоғамдық ұйымның құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сонымен қатар өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Өңірлер бойынша ең көп жұмыспен қамтылғандар Алматыда 1 миллион адам, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2%-ке артық. Одан әрі ТОП-3 өңірге Түркістан облысы (793,8 мың адам, жылына 2,1%) және Алматы облысы (677,9 мың адам, минус 30,2%) кіреді. Ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау облысы (101,7 мың адам), СҚО (277,2 мың адам) және Абай облысында (287,1 мың адам).

Кәсіптік сала бойынша ең көп жұмыспен қамтылғандар көтерме және бөлшек сауда саласында, сонымен қатар автожөндеу де бар (1,5 миллион адам). Сонымен қатар халық жұмыспен жақсы қамтылған негізгі үш салаға білім, ауыл, орман және балық шаруашылығы кіреді.

Сұранысқа ие емес қызмет салалары арасында сумен жабдықтау, өнер, ойын-сауық және демалыс секторы, сонымен қатар электрмен жабдықтау бар.