«Атамекен» ҰКП-ның экс-басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталды.

Антикор оның ұсталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады.

Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов былтыр ақпан айында «Атамекен» ҰКП басшылығынан кетті. Ол 20 жыл бұрын көлік министрі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы болғанда атышулы сот процесінің фигуранты болды: 2002 жылғы наурызда қызметінен шеттетілді, ал 2002 жылғы маусымда тұтқындалды.

Тергеу мен сот процесі бір жылға созылды: 2003 жылғы мамырда Абылай Мырзахметов мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды.