4 мамырда Алматы облысында бір отбасының бес адамы белгісіз заттан уланып, қаза болды. Полиция улану оқиғасының алдын ала себебін айтты.
Облыстық полицияның мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеуді толық жүргізу үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің сынақ өрт зертханасы, газ қызметі және СЭС шақырылды.
Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығынан уланған, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы облысының Көліащы ауылында көпбалалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза болды.