Ауылға жұмысқа барған дәрігерлер мен мұғалімдерге жәрдемақы төленеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақының көлемі артуы мүмкін.

Ұлттық экономика министрінің «Дипломмен ауылға» жобасына қатысушыларға көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұйрық жобасы бойынша, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл 2023 жылға арналған АЕК мөлшерін есепке алғанда 345 мың теңге болады.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредиттің мөлшері бұрынғыша қалады – 1 500 АЕК-ке дейін (5,18 миллион теңге).

Аталған әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы саласының мамандарына, сонымен қатар ауылдарға жұмыс істеу және тұру мақсатында келген мемлекеттік қызметшілерге (ауыл әкімдіктерінің шенеуніктеріне) қатысты.

Құжат 2023 жылғы 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.