Президент Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шараға қатысады

Бүгін мемлекет басшысы Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шараға қатысады.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, 7 мамыр — ҚР қарулы күштерінің құрылған күні. Бұл күнді қазақстандықтар Отан қорғаушы күні ретінде жыл сайын атап өтеді.

1991 жылғы 25 қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақ ССР мемлекеттік қорғаныс комитеті жасақталды. Кейін ол Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.