Альбом құны 18 мың доллардан жоғары бағалануда. Ол 1945 жылы Гитлер бункерінен, дәлірек айтқанда Ева Браун бөлмесінен табылды. Альбомда Гитлердің Геббельс, Геринг және Гиммлермен бірге түскен фотосуреттері бар, сонымен бірге Гитлердің өзін күтіп тұрған бір топ халық арасынан көлікпен өтіп бара жатқаны бейнеленген. Тим Харпер мұны жеке суреттер деп есептейді және рұқсат берілген адам ғана мұндай ракурспен фотоға түсіре алған. Қазір альбом анонимді коллекторға тиесілі.
Аукцион 15 наурыз күні Кент қаласында өтеді.