«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6-8 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіліп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады.
Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында құрғақ және ашық ауа райын сақтап, ауа температурасының көтерілу процесі жалғасады. Түнде еліміздің басым бөлігінде 1-7 градус аяз сақталады, — делінген хабарламада.