Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 21 мамырға дейін ұзартты.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылғы 21 мамырға дейін, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат былтыр 22 сәуірде пайда болды. Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген еді. Оған Дикий Арманмен бірге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.