10 маусымға дейін Екібастұздағы барлық үйге ыстық су беріледі

Екібастұздағы жылы желілерінен 269 ақау табылды, оның 34-і магистральдік және 235-і орамішілік. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс басшысы Асайын Байханов Екібастұздағы жылу желілерін жөндеу барысын тексерді.

Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша қалада 269 ақау анықталды. Оларды жою жұмыстары басталған. Мұнда 25 бригада желілерді жөндеу мен ауыстыруды кезең-кезеңімен орындап жатыр. 15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланып жатыр. Содан кейін 25 мамырға дейін 221 КТҮ және 246 КТҮ 10 маусымға дейін қосу көзделіп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ЖМ-5 және ЖМ-12 магистральдық құбырларын қайта құру жұмыстары басталды. Қазір ескі желілерді бөлшектеу және басқа да дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы төрт жылу магистралі жаңартылады. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып жатыр.

Өңір басшысы жылу желілерін жаңарту кезінде тоттанудан қорғауды ескеріп, барлық жұмыстарды қажетті талаптарға сәйкес және екібастұздықтардың үйлерін дер кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытылы жүргізудің маңызды екенін айтып өтті.