Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін

Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода айтты.

Оның айтуынша, екі елдің арасында көтерме-тарату орталықтарының құрылысына қатысты келісімдерге қол қойылған. Аталған орталықтар Қазақстанға қажетті жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Тәжікстан үкімет басшысының орынбасары өткен жылы 2 миллион 700 мың тонна жеміс-көкөніс, миллион тонна жеміс-жидек пен жүзім жинағандарын айтып өтті. Оның ішінде Қазақстанға 26 мың тонна жүзім экспортталды. Ауылшаруашылық тауарларын жеткізу құрылымы жылдан жылға артып та келе жатыр.

Бүгін бизнес форумда үкіметаралық комиссия Душанбе мен Астана арасында әуе қатынасы қайта жанданатыны жайлы айтты. Меніңше, бұл мәселе шешіледі, — деді Сулаймон Зиезода форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.