Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мамырда еліміздің қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Фото: Shutterstock
«Қазгидромет» РМК синоптиктері мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, жалпы мамырда басты астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болуы мүмкін.

Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сонымен қатар Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция