Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447-451 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5–451,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 448–451,5 теңге аралығында құбылып тұр.
2 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 4,24 теңгеге төмендеп, 448,97 теңге болған.
Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 449,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,64 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 5,4–5,6 теңге аралығында, Астанада 5,47-5,57 теңге аралығында сатылып жатыр.
