Елімізде ата-аналар академиясы жұмысын бастайды

Еліміздің мектептерінде ата-аналар академиясы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысы Қазалы ауданының ата-аналары және жұртшылықпен кездесуде мәлімдеді.

Министрлік балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуда отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған «Ата-аналар академиясы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын әзірлеп жатыр, — делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, президенттің тапсырмасымен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленген.