Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы бойынша департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысы билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды (қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі).
Сот үкімі бойынша, М. мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға және ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры арнаулы атағынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады сотта.