Шығыс Қазақстан облысында қамыс пен шөп өртенді

Шығыс Қазақстан облысында 45 гектарға жайылған қамыс өрті ауыздықталды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 24 сәуірде Зайсан ауданында шыққан.

Қарабұлақ ауылынан 15 шақырым жерде қамыс пен шөп өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Екпіні секундына 8-ден 10 метрге дейінгі жел мен жетуі қиын батпақты жер жағдайды қиындатып жіберді, — делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 45 гектар аумаққа жайылған қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. Өртпен күреске барлығы 62 адам мен 12 техника жұмылдырылды.