Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұловке, Дәулет Ерғожинға және Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сот істі «Аса құпия» деген белгімен қарады.

Кәрім Мәсімов ҚР қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді. Ол бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК басшысы қызметін атқарды. Ол биыл қаңтар айының басында қамауға алынды.

Кәрім Мәсімовке ҚР қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық»), 179-бөлімі, 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бөлімі, 4-бөлігі, 3-тармағы («Билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша айып тағылды.