Астанада ер адам наразылық ретінде құрылыс кранына шығып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полиция мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жіберілген.
24 сәуірде сағат 11:39-да 102-арнаға ер адамның мұнара кранына көтерілгені туралы қоңырау түсті. Бұл жерге шұғыл қызметтер дереу жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамның әрекетінің себебі анықталып жатыр, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі, — делінген хабарламада.
БАҚ ер адамды мән-жайды анықтау үшін Астана прокуратурасына алып кеткенін жазды.