Басты бетЖаңалықтарБиыл қазақстандықтарға...

Биыл қазақстандықтарға 824,3 миллиард теңгеге зейнетақы төленді

Биыл республикалық бюджеттен 824,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 миллиард теңге.

Бұл туралы еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл республикалық бюджеттен 824,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 297 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 120 798 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сонымен қатар мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-не тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Ал егер сіздің еңбек өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-і болады. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді, — делінген хабарламада.