20 сәуірде Атырау облысының полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
1975 жылы туған күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы екен.
Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.
Оны уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленген.
Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.