Басты бетЖаңалықтарЕлімізде демалыс...

Елімізде демалыс күндері жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстандағы 22-24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына Қара теңіз өңірлерінен келетін циклон әсер етеді.

Циклон батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жауын-шашынның болуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман басып, жел күшейеді. Оңтүстік облыстарда найзағай, шаңды дауыл болуы мүмкін.