Алматыда мектептерге бомба қойылғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр

Алматыда бомба қойылғаны туралы хабарға байланысты бірнеше мектеп эвакуацияланып, тексерілді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланың бірнеше жедел қызметі жарылғыш зат қойылды деген мектептерге барып, түгел тексерді. Қазіргі уақытта мектептердің біразы тексеріліп бітті. Ақпарат жалған болып шықты, — делінген хабарламада.

Кейбір мектептерде жарылғыш зат бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр.