Бостандық ауданында әрқайсысы 500 орындық екі жаңа емхана салынады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
Олардың бірі әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында, екіншісі Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында пайда болады. Екеуінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, мемлекеттік сараптамасын жыл соңына дейін алу жоспарланған, — деді қала әкімі.
Ерболат Досаевтың айтуынша, №4 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді.
500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа ғимараты салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II тоқсанында басталады, — деді Алматы әкімі.