2023 жылғы ақпанда 157,9 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 74,5%-ке көп.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Оның ішінде жеңіл автокөліктер 72,3%-ке, жүк көліктері 2 есе, автобустар 2,5 есе артты.
Мәселен, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 584,5 мың бірлік болды. Оның ішінде 88%-і – жеңіл автокөліктер, 9,9%-і – жүк көліктері және 2,1%-і – автобустар, — деп жазылған хабарламада.
2023 жылғы ақпанда 1 715 жол апаты тіркеліп, 2 466 адам зардап шеккен. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ке азайды.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 9,5 миллион теңге сомасында 16 751 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.