Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көліктерінен ақы алу жобасы жалғасады

Жиында мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту мақсатында қозғалысы қарқынды бірқатар трассаны ақылы ету бойынша жоба іске асырылып жатқаны айтылды.

I кезең аясында ұзындығы 5,5 мың км жолдарда бейнебақылау камерасымен, лидармен, байланыс антенналарымен және басқа да құралдармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркасы орнатылды.

Атап айтқанда, ұзындығы 1,5 мың км I санаттағы учаскелер 2021 жылғы қарашадан бастап ақылы болды.

Бұл жол төсеміне күтім жасауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және ілеспе инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша I кезең учаскелерінде жүк көліктерінің жүріп өткені үшін ақы алу жүйесін іске қосу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көлікке қатысты болады.