Алматыда 22 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді

Almaty Clean & Green жалпықалалық сенбілік аясында бес мыңға жуық ағаш отырғызылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Алматы әкімдігі қоғамдық ұйымдардың 2023 жылғы 22 сәуірде сағат 10:00-де өтетін Almaty Clean & Green экологиялық акциясын өткізу жөніндегі бастамасын қолдады. Акция бүкіл қала бойынша өтеді.

Жалпықалалық сенбілікті өткізудің бастамашылары – Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы, ECONETWORK, «Posadiderevo.kz» РҚБ, «Спорттық туристер достастығы» ҚҰ.

Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік желілерде іс-шараны ұйымдастыру кезінде экологиялылыққа баса назар аудара отырып, акцияны заманауи форматта өткізуге шақырды.

Фото: Алматы әкімдігі

22 сәуір – Дүниежүзілік жер күні. Туған жерге қамқорлық жасайтын уақыт келді. Баум тоғайында Almaty Clean & Green экосенбілігін өткізейік! Өкінішке орай, аумақтың тазалығы көңіл көншітпейді. Мұндай келеңсіздікті адамдар жасайды. Жарайды, біз оларға өз жерімізді қалай таза ұстауға болатынын көрсетеміз. Оған қоса, ағаш отырғызамыз, — деді ECONETWORK.GREEN башысы Евгений Мухамеджанов алматылықтарға арнаған үндеуінде.

Біз ерекше энергиясы бар әдемі қалада тұрамыз. Сүйікті қаланың таза көшелерде жүріп, балалармен күтімі жақсы аулада серуендегенге не жетсін. Қыстан шыққан қалаға біздің қамқорлығымыз қажет. Біз, Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы және Алматы қаласының экоактивистері барлық қамқор тұрғындарды Almaty Clean & Green сенбілігіне қатысуға шақырамыз. Біздің қаланы жасыл, әдемі және таза етіп жасайық! Тазалық әкелейік, мереке ұйымдастырайық!, — деп жазды әлеуметтік желілерде «Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы» ЗТББ жетекшісі Татьяна Антоненко.

сенбілік
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі тарапынан қажетті заттарды (қолғап, қап, күрек, тырма), көшеттерді беру, акцияға қатысушыларды ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз ету, сонымен қатар полигонға қоқыс шығаруды ұйымдастыру бойынша қолдау көрсетілетін болады. Аудан әкімдіктері қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдап, жергілікті сенбіліктер өткізеді.

Акция барысында түрлі танымдық-ойын-сауық іс-шаралары (йога, zumba dance, жаттығулар, флешмобтар және т.б.) қарастырылған, ландшафты көгалдандырудың жетекші сарапшыларынан өсімдіктерді отырғызу, атақты стрит-арт суретшілерінен суреттер салу және граффити жасау бойынша шеберлік сабақтары өтеді.

Almaty Clean & Green экологиялық акциясы барысында барлығы 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланып жатыр.

Анықтама үшін телефондар: 1308, +7 727 338 33 88.