Қазақстанда кейінгі тәулікте 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 829 адам коронавирус инфекциясынан (–1 645+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.