Қазақстанда 457 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

1 сәуірдегі жағдай бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 миллиард теңге бөлінді.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.

Биылдан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама қосымша төлем түріне ауыстырылды. Яғни, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5 175 теңге) төленеді.

1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сонымен қатар egov.kz электронды үкімет порталы бойынша бере алады.