Мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелуі мүмкін

Мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасында жазылған.

Мемлекеттік қызметке орналасарда, Қазтест жүйесінде тест тапсыру заңнамада көрсетілмеген. Бұл сұрақ нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешілуге тиіс, — делінген тіл саясаты комитетінің мәлімдемесінде.

Құжатта ұсыныстың жүзеге асырылу мерзімі нақты жазылмаған.