Елімізде алдағы күндері ауа райы бұзылады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13-15 сәуір аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, суық антициклон және арктикалық ауа массалары кезінде республиканың барлық аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі және қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Еліміздің солтүстік жартысында негізінен қар жауады, оңтүстік облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Барлық облыста желдің күшеюі күтіледі, солтүстік облыстарда тұман, көктайғақ болады.

Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 14 сәуірде салқын ауаның құлдырауы және ауа температурасының 10 градусқа күрт төмендеуі мүмкін. Республиканың солтүстігінде 20 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін ыстық болады, — делінген хабарламада.