Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев істі болған балаларын кінәлі деп есептемейтінін мәлімдеді.
Құрметті әріптестер, алдымен сіздерге ризашылығыамды айтқым келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін, олар әділдік үшін күреседі. Аппелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен мәжілістен не үшін кетуім керек? Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек, — деді Жигули Дайрабаев.
Еске салайық, мәжіліске «Ауыл» партиясынан сайланған Жигули Дайрабаевтың екі ұлы Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық 550 миллион теңгеден аса субсидия қаржысын жымқыру туралы іс бойынша шартты мерзімге сотталды.