Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Министр жылу желілері тозған өңірлерді атады

Фото: Рrimeminister.kz
Биылғы жылу маусымында 185 технологиялық ақау болды. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығының дерегіне сәйкес, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымы кезінде тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 185 технологиялық ақау болды. Бұл негізінен инженерлік-коммуникация желілерінің тозуына байланысты, — деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырым болды.

Желілердің орташа тозуы – 54%. Ал ең жоғары тозу Павлодар, Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, — деді министр.

Мақалаға реакция