Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға өңірлік бюджет есебінен берілетін төлем көлемі бекітіледі.
Алматының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін, — делінген «Ашық» НҚА прталында жариыланған әкімдік қаулысында.
Құжат бойынша, қазір арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін 1 433 мүгедектігі бар бала кезекте тұр.
Қалалық білім басқармасы бір бала үшін сағатына маманның жұмысы үшін мынадай сома бөлуді ұсынды:
- Психолог – 7 216 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);
- Логопед – 7 619 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);
- Дефектолог – 7 755 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);
- Тифлопедагог – 7 729 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);
- Олигофренопедагог – 7 917 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);
- Сурдопедагог – 7 593 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);
- Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы – 7 212 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін).
Әкімдік қаулысы 22 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.