«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталь бөліктер өтетіндіктен, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. 11-12 сәуірде түнде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді.
Бірақ күндіз ауа температурасы біртіндеп көтерілуі мүмкін. 13 сәуірде термометр көрсеткіші республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады, — делінген хабарламада.