Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 10 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 09:31-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты — 10.1. MPV магнитудасы — 4,5. Эпицентр координаттары — 42,04 с.е.°, 81,15° ш.б. Тереңдігі — 10 километр. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ, — делінген хабарламада.