Басты бетЖаңалықтарШымкентте автобус...

Шымкентте автобус апатынан бес адам қаза болды

Шымкентте алты адамды автобус қағып кеткен оқиғадан қаза болғандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шеккен еді. Оның үшеуі оқиға орнында қаза болған. Ал үш тұрғын жағдайының ауырлығына байланысты жедел жәрдем қызметімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Облыстық балалар ауруханасы мен перинаталдық орталыққа жеткізілген екі науқас реанимациялық көрсетілген шараларға қарамастан ауыр жарақат салдырынан қайтыс болды. Ал қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған 2005 жылғы азаматшаның жағдайы бүгінде қалыпты, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған алты адамды қағып кеткен.