Алматы қалалық ТЖД мегополис тұрғындары мен қонақтарына қар басқан тау беткейлеріне шықпауға кеңес береді. 8-12 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.
Қазгидрометтің дауылды ескерту негізінде 8-12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс, — делінген хабарламада.
Тау басында батыстан соққан желдің екпіні секундына 22 метрге жетуі мүмкін. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан тау беткейлеріне шықпау ұсынылады, ең дұрысы — тауға барудан бас тарту. Тауда жүргендерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.