Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар мамыр...

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Елімізде мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі: 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр — Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге тұспа-тұс келеді. Сондықтан үш күн, яғни 29, 30 сәуір және 1 мамыр демалыс болады.

Ал 7 мамыр жексенбіге сай келеді. Сондықтан ол дүйсенбіге ауыстырылады. Сәйкесінше, қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығына демалады.

Қазақстандықтар мамырда мына күндері демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр — демалыс.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр — демалыс.