Қазақстаннан шетелге жанармай әкеткен 288 факті анықталды

31 қаңтардан бері Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кеткен 288 фактінің жолы кесілді.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қазақстан аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдары мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкеткен 94 фактні анықтады, — делінген хабарламада.

Ол бойынша сот 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салды, 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель тәркіленді.

ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 820 литр жанар-жағармай өнімдерін шығарған 194 фактісі анықталды.