Жаңбыр, жел, тұман: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын болады. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман болуы мүмкін; оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай; солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік болады, — делінген хабарламада.