Құтқарушылар 48 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік алады

Премьер-министр Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін мәлімдеді.

Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр, —  делінген жауапта.

Оның айтуынша, құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқарады.

Бұл өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сонымен қатар құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады, — деп жазды премьер-министр.