Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Анархан Дүйсенова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Анархан Дүйсенова 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Көкшетау медициналық училищесін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысындағы туберкулез диспансерінің зертханашысы болып бастаған.
1991-1994 жылдары – балабақша медбикесі.
1994-2003 жылдары – Чермошнянка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде патронаж мейірбикесі болды.
2003-2006 жылдары — Тайынша аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді.
2006-2011 жылдары — Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2011-2014 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Тайынша аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
2017-2018 жылдары – ҚР ЕХӘҚМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болды.
2018-2019 жылдары – «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры болды.
2019-2021 жылдары — «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры болды.
2021 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЕХӘҚМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.