Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылғы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, — делінген хабарламада.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.