Қазақстанда кейінгі тәулікте 52 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 801 адам коронавирус инфекциясынан (–1 627+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 174 пациент стационарда, 1 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.