Маңғыстауда құқық қорғау органдары есірткі тарататын 15 сайттың жұмысын тоқтатты.
Құзырлы орган өкілдері есірткі саудасын тоқтату бағытында үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазуларды жойған. Прокуратура, құқық қорғау және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Топтың мақсаты-нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынушыларды анықтап, жастардың есірткіні қолдануға немесе заңсыз айналыма тосқауыл қою.
Былтыр есірткі қылмыстары үшін 300-ге жуық адам сотталды. Биыл 40 адам сотталған. Оның ішінде алтауы синтетикалық есірткімен байланысты қылмыс. Бір апта бұрын ұлттық қауіпсіздік комитеті төрт азаматты ұстады. Олар Каспий теңізі арқылы 15 килограмға жуық опи есірткі затын сатуға алып келген. Төрт азамат қазір соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр, — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.
Жалпы биыл өңірде есірткі қылмысы 49%-ке төмендеген.