Президент ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысына ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді. Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сонымен қатар ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды, — делінген хабарламада.