Басты бетЖаңалықтарЖаңбыр, тұман,...

Жаңбыр, тұман, аяз: 6-8 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6-8 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады.

6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде Скандинавия өңірлерінен солтүстік-батыс антициклонның басып кіруінің әсерінен ауа температурасының күрт төмендеуі, сонымен қатар жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі.

Республикада жел күшейіп, тұман күтіледі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. Түнде -12 градус аяз, күндіз 5 аяз болады, — делінген хабарламада.