Алматы прокурорлары 17 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алудың күшін жойды

Жыл басынан бері прокурорлардың актілері бойынша 17 миллиард теңгеден астам сомаға 46 конкурс жойылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, тоғыз мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 миллион теңгеге айыппұл салынған.

Бас прокуратураның мәліметінше, тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге жоғары біліктілік талаптарын қойған, конкурстық құжаттаманы толық ұсынуды қамтамасыз етпеген, сатып алу тәсілін дұрыс таңдамаған.

Биылдан бастап, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сатып алу тәсілдерінің бірі рейтингтік-балдық жүйе қолданылады.

Ол конкурсқа әсер ететін ұсыныстарды, критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды комиссияның қатысуынсыз анықтайды, яғни адами факторсыз, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады.

Сонымен қатар Алматы прокуратурасы мониторинг арқылы тапсырыс берушілердің бірі автожолдар салу кезінде электрмен жабдықтау желілері саласында лицензияланатын қызметтің бір түрінің міндетті түрде болуы туралы кәсіпкерлерге негізсіз талаптар қойғаны анықталды.

Бұл конкурс қорытындыларына әсер ету ретінде қарастырылады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурс тоқтатылды, мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің тең шарттарын сақтай отырып, қайтадан өткізілді.