Алакөлге баратын пойыздар саны артады

Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны былтырмен салыстырғанда 6%-ке өседі.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» хабарлады.

Жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады, — делінген хабарламада.

Алғаш рет «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылады.

«Жолаушылар тасымалы» әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды қалыптастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.