Елімізде кейінгі тәулікте 73 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
5 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 834 адам коронавирус инфекциясынан (–1 659+ және 175 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 175 пациент стационарда, 1 659 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.